Бүгін, қасиетті Рамазан айының бесінші күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бүгінгі қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы орынбасары Қазыбек Сарыбаев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшілері Айбек Азимбаев, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, Абай аудандық мешіттің бас имамы Бердалы Жәміш, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров және «Зекет және қайырымдылық» қорының үйлестуршісі Ержігіт Мамытұлы қатысып, үлестірді.
Атап айтқанда, «Ақмешіт» мешіті – 100, «А.Қаттани» мешіті – 150, «Нұр Төбе» – 100, «Байғұт баба» мешіті – 100, «Әл Біләл» мешітінде 150 көпбалалы және мұқтаж отбасыға және «Жусан» операциясы бойынша елге оралған 9 үйге жеткізілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі