Бүгін, қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов,  найб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев қатысып, жергілікті «Айғақ», «Оңтүстік», «Отырар», «Нар тв» телеарналары мен «Оңтүстік» радиосы мен газет, журналдардың тілшілері, блогерлеріне сұхбат берді. 

«Шаһар әкімдігімен бірлесіп дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарқаны орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға қайырымдылықті себетін үлестіру бастамасы қолға алынып, жүзеге асырылуда. Бұл игі бастамаға қаладағы барлық кәсіпкерердің қолдауымен күн сайын  эстафета түрінде 500-ден астам мұқтаж отбасыларға ауызашар орнына азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» себеті таратылады. Оның ішінде күріш, қант, өсімдік май, шай, ұн, макорон, тәттілер, құрма т.б.  Айтулы игі шараға қолдау білдіруге шақырамын», –  деді Бақдаулет Нұрматұлы. 

Айта кетсек, көмекке мұқтаж жандарға жеңіл болу үшін «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы қаладағы  «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе»,   «әл-Біләл» мешіттері таңдалып, бір орталықтан үйлеріне жеткізілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38