Ия, дәл осы тақырып төңірегінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент орталық мешіті  мен  «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұйытқы боуымен  «СӨЗ ТҮЗЕЛСЕ …» атты аймақтық асабалар семинары ұйымдастырылды. 

Тұңғыш ұйымдастырылған басқосуға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, Түркістан облыстық «Түркістан – Ахмет Ясауи» мешітінің найб имамы Самат Анарбаев, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан Керімбек, дінтанушы Азамат Әбікерімұлы, Шымкент қаласы «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры ақын Біржан Байтуов, белгілі ақын Абзал Қажымүқан, «Шаншар»  және «Алдараспан» әзіл-ысқақ театрының әртістері мен оңтүстікке белгілі асабалар қатысты.

Бүгінгі семинарға қатысушылар тарапынан ерекше рухани бастама көтерілді. Жалпы, Түркістанда Қ.А.Яссауи, ал  Шымкентте Ибрахим ата мен Қарашаш ана кесенелері бар. Демек қос шаһар, құстың қос қанатындай киелі мекен болып саналады. Яғни, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұрпақ амандығы мен тәрбиесіне байланысты Шымкент қаласын рухани тұрғыдан «Шымкент —  арақ-шараптан ада шаһар» атты игі бастамаға жария етілді.

Айта кетсек,  зиялы қауым өкілдері мен дін өкілдері және той-жиын жүргізетін асабалар алдағы уақытта жиі кездесіп, түрлі деңгейдегі шаралар өткізге бірауыздан уағдаласты. Және жиын барысында Шымкент қаласы мен Түркістан  облысы бойынша «Асаба кеңесі» құралатын болып шешілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38