С: Тауапты дәретсіз не жүніп күйінде жасаудың үкімі қандай?
Ж:
1. Келу тауабын не қайту тауабын дәретсіз жасаса оған әрбір айналымына жарты сағ садақа беруі тиіс. Ерікті тауаптарда да осылай.
2. Келу тауабын не қоштасу тауабын жүніп күйінде жасаса бір қой союы тиіс. Етекірлі түрде не нифас күйінде тауап жасаушы әйелдердің үкімдері де осылай.
3. Зиярат тауабын дәретсіз жасаса бір қой союы тиіс.
4. Зиярат тауабын жүніп күйінде жасаса ірі қара шалуы керек. Етекірлі және нифас боған әйелдердің үкімдері де осындай.
Ескерту:Дәретсіз не жүніп болып тауап етіп, кейінірек тазаланып, тауабын қайтадан жасаса жазасы болмайды.