С: Қажылықтың уәжіптерінің біреуін тастап кетсе не болады?

Ж: Оның жазасын төмендегідей:

1.     Муздалифада тұруды тастап кетсе мал шалуы тиіс.

2.     Сафа мен Маруа арасында жүгіруді тастап кетсе де қой союы тиіс.

3.     Барлық жәмрат күндерінде тас лақтыруды немесе құрбан шалатын күндегі Ақаба жәмаратын тастап кетсе немесе белгіленген мөлшерде тас лақтырмаса қой союы тиіс. Бір күнгі жәмараттардың біреуін тастап кетсе садақа беруі керек.

4.     Арафаттан күн батудан бұрын шығып кетіп, күн батқанға дейін қайтып оралмаса бір қой союы тиіс.

5.     Қоштасу тауабын немесе оның төрт айналымын тастап кетсе қой союы тиіс. Үш айналым тастап кетсе садақа беруі тиіс. Ал, егер, Меккеге қайта оралып, қайтадан тауап жасаса мойнынан түседі.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38