С: Қажылық рәсімдерін орындау кезінде тыйымдарды бұзудың қандай түрлері бар?
Ж: Қажылық кезіндегі тыйымдарды бұзу жағдайлары әркелкі. Мысалы: дәретсіз тауап жасау, уәжіптерді тастап кету, рәсімдердің тәртібін сақтамау, уәжіпті не парызды уақытынан кешіктіру. Олардың әрқайсысын төменде түсіндіретін боламыз.