С: Ихрамда төсек қатынасы мен оның алғы шарттары қандай?
Ж: Олардың үкімдері төмендегідей:
1. Ихрам киюші қажылықта немесе ұмрада әйелді сүйіп, қызығушылықпен ұстап, жанасса, ұрық шықса да, шықпаса да қой союы қажет.
2. Ихрам киюші Арафат тауда тұрардан бұрын екі жолдың бірінен төсек қатынасына барса қажылығы бұзылады. Жазасына бір қой союы қажет. Бірақ, қажылық амалдарын әрі қарай жалғастыра береді. Ол бұл қажылықтың қазасын өтеуі тиіс.
3. Қажылықта Арафат тауында тұрғаннан соң зиярат тауабы, шашын алу амалдарынан бұрын төсек қатынасына барса оның жазасына ірі қара мал шалуы тиіс. Бұл жағдайда қажылығы бұзылмайды.
4. Шашын алғаннан кейін зиярат тауабынан бұрын немесе зиярат таубынан кейін шаш алудан бұрын төсек қатынасына барса жазасына бір қой союы тиіс.
5. Ұмрада төрт рет айналыс жасаудан бұрын төсек қатынасына барса ұмрасы бұзылған болады. Оған бұл ұмраның қазасын өтеуі керек. Жазасына қой союы шарт.
6. Ал, ұмра тауабының төрт айналымын жасағаннан кейін төсек қатынасына барса ұмрасы бұзылмайды. Жазасына бір қой союы тиіс. Қазасын жасамайды.
С: Біліп жасау мен ұмытып жасаудың айырмашылығы бар ма?
Ж: Айырмашылығы жоқ. Екеуінің үкімі бір.
С: Бұзылған қажылығының қазасын жасағанда әйелінен оқшауланып жүруі керек пе?
Ж: Жоқ. Олай жүру шарт емес.