Бүгін, Шымкент орталық бас мешітінде діни һәм шаруашылық қызметкерлерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерейтойы аясында марапаттау шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы әрбір қызметкердің жыл бойы атқарған жұмыстары мен жетістіктерін саралай келе өз ризашылығын білдірді. Алдағы жылы белсенді болып жігерленіп жұмыс атқаруға шақырды.
Айта кетсек, жылдың қорытындысы бойынша 13 бағыт жұмыстар нәтижесінде қызметкерлерге ұмра қажылығы мен шипажайға жолдама және қаржылай сыйақы табыс етілді. Әріптестер марапат құтты болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі