Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) адамзат атаулының ең тақуасы болғандықтан, Алланы басқалардан гөрі жақсырақ танып-білгендіктен, ғибадаты да соншалық көп болатын. Тіпті, тік тұрып түнгі намаздарды ұзақ оқитыны соншалық, аяқтары ісіп кететін. Мұны көріп Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) жанарына жас үйіріліп, «Ей, Алланың елшісі! Алла сенің ілгергі де, кейінгі де күнәларыңды кешіріп қойған ғой. Неге мұншалық көп құлшылық етесің?» – деп сұрайды жанашырлықпен. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ендеше, мен осының бәрі үшін шүкір етуші құл болсам жараспай ма?!» – деп жауап береді.
Алла Тағала ықыласпен жалбарынып, үмбеті үшін егіліп дұға еткенде иығына жапқан шапаны жерге түсіп, қос жанарынан саулаған көз жасы сақалын жуып кететін. Қандай қиындыққа тап болса да, қандай азар көрсе де, үмметінің тілеуін тілеп өтті.
Шымкент қаласы орталық мешіті