Шардара ауданы Қоссейіт ауылы Қоссейіт жалпы орта мектебінде кəмелетке толмағандар арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу, ата — ананың бала алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында «Бала тəрбиесіндегі ата — ананың ролі», — тақырыбында жалпы ата — аналар жиналысы өтті. Жиналысқа аудан имамы Данияров Асылхан, ауыл имамы Бижигитов Нұрахмет, аймақтық кəмелетке толмағандар жөніндегі инспектор, полиция лейтенанты Дүйсенов Марат, полиция лейтенанты Байманов Өстемір, мектеп инспекторы Нұртазаев Бақытжан, «Өскен — өңір» газетінің фото — тілшісі Сейдуалиев Жаңабай қатысты.
Шардара ауданы Қоссейіт мектебінің баспасөз қызметі