Бүгін Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен қалалық Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтағы «Имамдар аллеясында» тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам Қазыбек Сарыбаев, іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Жастар ісі секторы жетекшісі Анарғали Керімбеков және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының мешіт имамдары, ерікті жастар тобы қатысты.
Жалпы, шара барысында дендрологиялық саябаққа имамдарға берілген арнайы аумақта тазалық шараларын жүргізіліп, көктемде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ресми сапары аясында бастамашы болып отырғызылған ағаштар күтіп бапталды.
Осы тұста, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – «Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын Шымкент қаласындағы дендросаябақ — ең алғашқы саябақ. Шымкент қаласындағы саябақ 1979 жылы 173 гектар аумақта орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын. Осы саябақтың құрылуына Асанбай Асқаров тікелей мұрындық болған. Сол кездегі Шымкенттегі барлық өндіріс орындардың қызметкерлерін жұмылдырып, тұрмыстық қалдықтар тасталған жерді баққа айналдырып, қала халқы үшін экологиялық жайлы орта туғызды.
Ал мекеме Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 24 наурызындағы №83 қаулысының негізінде «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» құрылған. Саябақты құруға облыстық бюджеттен 650-700 млн. теңгедей қаражат бөлінді. Жалпы көлемі 117 гектар.
Мұнда бүгінде 500 мыңнан астам ағаш және 1 млн. астам шөптесін өсімдіктер бар.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі