Бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, ҚМДБ-ның Шымкент қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бастамасымен «Қасапшылық – сауапты һам жауапты іс» аттысеминар ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұхамеджан Естеміров,  Мұсабек Ақтамберді,  Шымкент қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев және аудан имамдары қатысты.

Семинар аясында Шымкент қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев атқарылған жұмыстар туралы  айта келе халал өнімдері туралы арнайы дәріс оқыды.

Жалпы, семинар барысында халал өнімдерін насихаттау, халал сертификатын алу, бақылау және мал сою, қасапшылық мәселелері төңірегінде кеңінен атап өтті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38