Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «Исамиддин баба» мешітінің ұйымдастыруымен Қасиетті Рамазан айында 140 аз қамтылған отбасыға азық-түлік қоржыны таратылды. Қайырымдылық, жақсылық жасау – парасаттылықтың, тәрбиеліліктің, имандылықтың, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Қасиетті айда жасалған барша игі, сауапты істер қабыл болсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі