Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті жанындағы «Жастар» ісі секторы мен «Әжелер» мектебінің мүшелері бірге «Кең болсаң кем болмайсың» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мұқтаж 8 отбасының әрбіріне 30 мың теңге қаржылай және азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.
Ұйымдастырылған шара барысында қалалық «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков сөз алып, қолдау көрсеткен барша азаматтарға ризалығын білдірді.
Айта кету керек, осындай игі шараға бүгінде зейнет жасындағы апаларымыз үйде отырмай мешіт жанындағы «Әжелер» мектебінің мүшелігіне тіркеліп, тәрбие жұмыстары мен қайырымдылық бағыттағы жұмыстарға үлес қосып келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі