Бүгін, ҚМДБ-ның «Әр аптаға – бір шара» жобасы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты «Нұр-төбе», «Халифа Омар», «Қождан ата», «Дін Ислам», «Темірші ата» мешіттерінің ұйытқы болуымен «Қайырымдылық- қадірлі іс», «Мейірімдік ізгілік жолы» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Айтулы шара барысында Абай аудандық «Нұр-төбе» мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш қатысып, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан сәлем айтып, қасиетті ережеп айымен құттықтады.
Қайырымдылық шара барысында Абай ауданындағы мешіттерге тіркелген көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандардың үйлерін аралап, тұрмыс жағдайын біліп, жалпы көмекке мұқтаж 600 отбасыға азық-түлік (ұн, май, қант, шәй, макарон, күріш, түрлі тәттілер, т.б.) берілді.
Өз кезегінде, әрдайым мұқтаждың мұңын бөлісіп, қолдау көрсетіп қаржылай қолдап жүрген қайырымды азаматтарға алғыс айтып, өміріне және қызметіне береке тіледі.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі