Бүгін, Шымкент  қалалық  №.6 Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінде діни ағымдардың алдын алу шаралар жөнінде онлайн және офлайн түрінде  семинар  ұйымдастырылды.

         Семинар жұмысына Шымкент қалалық орталық мешіттің найб имамы әрі уағыз-насихат бөлімінің жетекшісі Мұсабек Ақтамберді арнайы қатысып, баяндама жасады.

         Басқосу аясында жастардың түрлі қылмыстық әрекеттерден және түрлі кереғар ағымдардан сақтану жолдары кеңінен талқыланды. 

         Сондай-ақ,  найб имамы Мұсабек Ақтамберді жастар тәрбиесінде аса қажетті ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің  бастамасымен қолға алынған «Кемел адам» және «Ихсан ілімі»  тұжырымдамасын қолға алу қажет екендігін атап өтті. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38