Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Құрметті мұсылман бауырлар! Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды 18 қазан елімізде Рухани келісім күні мерекесімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін.
18 қазан елімізде Рухани келісім күні ретінде аталып өтіледі. 1992 жылдан бері мерекеленетін атаулы күннің маңызы зор. Өйткені 17 конфессия мен 140 ұлт өкілі тұратын еліміз үшін рухани келісім, тұрақтылық пен татулықтың орны бөлек. Рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтам салу күні, татулық іздеу күні, жақынға қайырымдылық және көмек күні. Осымен 24-ші рет елімізде аталып өтіп отырған бұл күн негізінен тәуелсіз Қазақстанның алғашқы белгілеген мерекесі.
Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін рухани келісім күні құтты болғай, ағайын. Жаратушы Иемізден отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, кәсіптеріңізге адалдық пен береке тілеймін.
Еңселі елдің болашағы баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Әмин!
Ахметжан қажы Керімбек,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы