ҚМДБ Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Абдурахман» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Мешіт жамағатының демеушілігімен жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлікпен көмек берілді. Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша іс-басқарушы Азамат Әбдікерім, «Абдурахмен» мешітінің имамы Назірхан Тасходжаев қатысты. Қайырымдылыққа демеу болған азаматтарға Алланың мол сауабы болсын.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38