Мырзашөлдің мырзасы болған Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінде Қасиетті Құрбан айтқа байланысты кең көлемде қайырымдылық іс- шарасы өткізілді. Қайырымдылыққа Аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы міндетін уақытша атқарушы Шаймерден Бағдаттың бастамасымен мешіт жамағаты және қала тұрғындарының арасындағы бай- дәулетті жомарт азаматтар да ат салысты. Отбасылық жағдайы нашар деген 350 адамға ерлер және әйелдер аяқ киімі таратылды. Сонымен бірге қалада орналасқан 267 тұрғындар мен жетім- жесірлерге құрбан айт еті (8 келі қой, сиыр еті, 2 литр сұйық май, шай, тұз) таратылды. Және де Мақтарал ауданындағы қала және ауыл мешіттері де бұл шарадан қалыс қалмады. Жетісай қалалық «Әл-Құддыс» мешітінің имамы Жунисов Нұрбек 60 отбасына сиыр етін таратса,Құрбан ата ауылдық «Құрбан ата» мешіті ауылды аралай 250 мың теңгелік азық- түлікті 53 отбасына таратты. Сонымен қатар «Сағындық ата» мешітінің ұжымы 15 отбасына қой етін таратып берді. Жалпы, аудан бойынша 50 мешітте қайырымдылық шаралары өткізіліп, халыққа көмек көрсетілді.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі