Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің ұйытқы болуымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай облыс деңгейінде «Раббың үшін Құрбан шал!», «Құрбандық етін мұқтаж жандармен бөліс!» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шарасына облысқа қарасты барлық мешіттер мен қатар облыстық «Зекет» қорының өкілдігі, облыстық Жастар ісі бөлімі мен «Әйелдер-қыздар» секторы бөлімінің мамандары атсалысты.
Жалпы, қорытынды есеп бойынша облыс көлемінде жағдайы төмен 6500 отбасыға құрбан еттері 5-10 кг көлемінде таратылып, қайырымдылық жасалды.
Осы шара қолдау көрсеткен барша мұсылман қауымның шалған құрбандықтарын Алла Тағала қабыл етсін!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі