С: Намаздың парыздары қандай?

Ж: Намаздың парыздары алтау:

1.     Тәкбір тахриме – намазды бастау тәкбірі.

2.     Қиям – Намазда тік тұру.

3.     Бір аят болса да қырағат қылу.

4.     Рукуғ.

5.     Сәжде.

6.     Тәшәһһуд оқитын уақыт мөлшеріндей соңғы отырыс.

С: Бұл парыздың үкімі не?

Ж: Бұл парыздардың барлығы толықтай орындалуы тиіс. Егер де біреуі ұмытылып не әдейі тасталып кетсе намаз дұрыс болмайды. Мұндай жағдайда намазды басынан бастап қайта оқу қажет. Дұрыс орындалмаған парызды сәһу сәждесі толықтыра алмайды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38