ОҚО Ордабасы ауданы бойынша орта білім беретін мектеп оқушыларымен құрбан айт қарсаңында кездесу ұйымдастырылды. Бұл ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Ұлық мейрамды ұлық дәрежеде өткізу» аясында өткізілді. Мектеп оқушыларына әрі ұстаздарға екі үлкен мейрамның айырмашылықтары туралы, дәлірек айтқанда, жаңа жыл мерекесі мен құрбан айт мерекелерінің артықшылықтары яғни сауапты іс атқаруда қайсысының үлесі басым келетіндігін салыстырмалы түрде түсіндірілді. Мұндағы мақасат ұлық құрбан айт мерекесінің, ұлттық деңгейде жоғары дәрежеде өткізу. Осы сарындағы тұңғыш нәтижелі кездесулер Темірландағы «Кәусар» гимназиясы Ш. Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі, Темірлан орта мектебі, Бөржардағы Абай орта мектебі және Шұбарсудағы Мұхаммедқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектеп оқушыларымен кездесулер болып өтті.
Ордабасы ауданы, орталық мешітінің баспасөз қызметі