Шымкент қаласы Абай ауданы Құрсай елді мекені «Нұр Төбе» мешітінде ірі қара мал құрбандыққа шалынды. Осы іс шараға ұйытқы болған, мешіттің бас имамы Жәміш Бердалы мешіт жамағатымен бірге елде болып жатқан қауіпті індетке байланысты, дүниеден өткендерге Құран бағыштап, елдің тыныштығы мен халықтың амандығы үшін Аллаға дұға жасалды. Шалынған құрбандық етін жағдайы төмен 30 отбасына таратып берді. Осы сауапты іске атсалысқан азаматтарға Алла разы болсын.