Шардара қаласы «Абай мәдениет» сарайында Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені», – атты дөңгелек үстелге қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров, Шардара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ш. Қаппаров, аудандық саз мектебінің директоры А. Жораева, БАҚ өкілдері және шақырылған қонақтар қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы А. Данияров тәрбие – отбасынан басталады,болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді», – демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата – анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.