2016 жылдың 2 қыркүйек күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған аудандық ақпараттық түсіндіру топ мүшелері М. Горький атындағы жалпы орта мектебінде және Шардара мектеп лицейінде «Мазһабтар туралы, кереғар діни ағымдар туралы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан имамы А. Данияров, аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н. Үсіпбек оқушыларға бүгінгі таңда діни экстремизм, терроризм, секта, лаңкестік топтардың қоғамға тигізер зардабы мен кері әсері туралы түсінік бере келе, Ислам дініндегі мәзһабтар туралы, дәстүрлі Ислам дінінің маңыздылығын айтып өтті. Н. Үсіпбек бүгінгі таңда жастардың әлеуметтік желілерде керітартпа ағымдардың жариялап жүрген діни уағыздарды тыңдамауға, оларды тыңдаған жағдайда жастардың бойында діни түсініктің қалыптаспауына байланысты әлеуметтік желілердегі уағыздарға саналары тез уланып кереғар топтың құрығына ілініп, дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кету қауіпі бар екенін атап өтті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.