«Сарыағаш аудандық» мешітіне аудан әкімі Қ.Əбдуалиев арнайы келіп аудандағы мешіт имамдарымен жүздесті. Жиынға қала əкімі Б. Омаров, қаланың төбе биі Р. Оспанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Қозыбаев, АІІБ қызметкерлері, ауданға қарасты барлық ауыл имамдары толық қатысты. Жиында аудан әкімі еліміздегі жат ағымдарды ауыздықтау мәселесін көтеріп, оның шешу жолдарын, сонымен қатар ел арасындағы түрлі дау–дамайларды шешуге имамдарды да араластырып, ең бастысы еліміздегі ынтымақ пен бірлікті сақтау керектігіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ имамдардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, түрлі түйінді мәселелер ортаға тасталып оларды шешудің жолдары қарастырылды.
«Сарыағаш аудандық» орталық мешітінің баспасөз қызметі