Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған ресми іс-сапары аясында жергілікті имамдарға дәріс оқып, жамағатпен жүздесті. Сонымен қатар қайырымдылық шарасына қатысты.
Бас мүфти жастайынан тағдыр тауқыметін тартып, сынаққа душар болған Жаңаөзен қаласының тұрғыны Серік Сағызбаевты ерекше қуанышқа бөледі. Оған жаттығу жасауға арналған велосипедті өз қолымен табыстап, Алладан шипа сұрап, дұға жасады.
«Сынақ өмірде әр адам әртүрлі деңгейде сыналады. Тағдырға иман еткен пенде Алланың сынағына сабыр сақтап, сауабын үміт етіп, жасылықтан күдер үзбейді. Алла Тағала Серік бауырымызға шипа беріп, берекетін жаудырсын» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Қуаныштан көзіне жас алған Серіктің анасы алғысын айтып, батасын берді.