«Шымкент медресе колледжі» өзінің алғашқы оқу жылын 173 студентпен бастады. 1 құркүйек білім күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада колледжі директоры Т.Ш.Әсембай жас түлектерді білім күнімен құттықтап, осы оқу ордасында алған білімдері ел ертеңін дамытуға елеулі үлес қосуға сенетіндігін жеткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Сырманов өз кезегінде білімгерлерді білім мерекесімен құттықтай келе білім алудың маңыздылығы мен білімге талпынудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп өтті. Колледждің ұлағатты ұстазы Ә.Өмір оқытушы – порфессорларды және студенттерді мерекемен құттықтап, оқу орнымыздың өткен өмірінен сыр шертіп, болашақ мақстаттарын баяндап өтті. «Арнайы пәндер» – пәндік бірлестігінің төрағасы Д.Жомарт сөз алып тәртіпсіз білім болмайтындығын жеткізіп, ішкі тәртіп ережелеріне бағынудың маңыздылығын ескертті.
Сөз соңында Т.Әсембай мырза жаңадан салынған 2 қабатты жатақхананы шәкірттерге табыстады. жаңадан безендірілген оқу ғимаратын білім күніне ашылуын өткізді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі