Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен Түркістан облысы, Төлеби ауданында су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға гуманитарлық көмек жеткізілді.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов пен Еңбекші ауданының бас имамы Еркебұлан Қарақұловтар қатысты.

Игі шара барысында Бақдәулет қажы Нұрматұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізіп, сабырға шақырды.

Өз кезегінде аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұмабай Әбдиев және аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары  Қуанышбек Қансейтов мырзалар күтіп алып, шынайы алғыстарын жеткізді.  

Айта кету керек, төлебилік ағайындарға 15 тонна азық-түлік, киім-кешек және қажетті тұрмыстық заттар жеткізілді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38