Бүгін, Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында облыс имам орынбасарлары, қала, аудан имамдары, жергілікті Зекет қорының өкілдері, жастар ісі бөлімінің жетекшілері мен өткізілген кезекті мәжілісі болып өтті.
Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды. Шара аясында бірқатар, мәселелер қаралды. Атап айтқанда, қажылық курстары және қажылыққа ниет білдірушілерді тарту жәйі, жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) жұмысы, жеке кездесу мәселелері, қайырымдылық шаралары мен діни сауат ашу курстарының жұмыс деңгейі көтерілді.
Мұнымен қатар, мұсылман әлемінің асыға күткен қасиетті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде өткізу мәселелері пысықталды. Құрбан айт күндері мешіт ауласында киіз үйлер тігу, ұлттық ойын түрлеріне кезек беру, көпшілікке мерекелік дастархан жаю, мерекелік баннерлер мен хабарландырулар ілу т.б. өзекті мәселелер айтылды.
Жалпы, мәжіліс барысында «Биылғы қазан-қараша айларында ауыл имам, молдаларының жыл бойы атқарылған іс-шараларының есебі тыңдалады. Ол өз кезегінде ауыл имам, молдаларына жауапкершілік пен талапты күшейтеді» , – деді өкіл имам А.Керімбек.
Сондай-ақ, облыс деңгейінде барлық мешіттердің қатысуымен ағымдағы жылдың он бірінші қыркүйек күні Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Тазалық – иманнан» атты тазалық шарасы қолға алынатын болып шешілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі