Биылғы жылғы Рамазан айы ерекше жағдайда өткізіліп жатқаны жаһанға аян. Осы жұқпалы індеттің алдын алу әрі жұқтырып алмау мақсатында Шымкент қаласы орталық мешіті тарапынан «30 күнге 30 ауызашар» жабысы бойынша ауызашарды үйлерге жеткізіп беру шарасы қолға алынды. Игі шараға ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Абдурахмановтың қолдауымен қолға алынды. Мешіт имамдарына көмекші ретінде жамағат арасында белсенді еріктілер тобы карантин кезінде жүріп-тұруға рұқсатнамасы бар арнайы көліктердің көмегімен дайындалған «Ауызашар себетін» алдын-ала тізімге енгізілген, ораза тұтқан жағдай төмен, көпбалалы отбасыға (су, айран, ыстық тамақ, нан, құрма, шәй, түрлі салаттар мен тәттілер) жеткізілуде. Осы шараны алғышқылардың бірі болып Шымкент қаласы, Абай ауданы «Шейх Мұхаммед садық» мешітінің имамы Бекайдар қажы Әміренің ұйымдастыруымен 100 отбасыға, ал «Торлан» мешітінің имамы Ғалымжан Назаровтың бастамасымен 70 отбасыға «Ауызашар себеті» жеткізілді.Бұл шара бір ай бойы жалғасатын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38