ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында Шымкент орталық мешітінің «Мұмтаз» асханасында «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» түрлі кереғар ағымдардан сақтандыру бойынша жобасы жүзесе асырылды. Уағыз-насихат жұмысы бойынша қалалық ЖАНТ және Жастар секторы бөлімдерінің жетекшілері мұрындық болды. Мұндай жобадағы кездесуде арнайы дастархан жайылып, кезек-кезегімен уағыз-насихат айталыды. Бұл шараның бастамасы ретінде Әл-Фарабай, Абай және Еңбекші аудандық мешіттердің бас имамдары уағыз айтты. Ал келесі кездесуде ретінде қарай қаладағы белгілі һәм білімді имамдар келіп уағыз жұмыстарын жүргізеді. Негізгі мақсат – мешіт жамағаты түрлі кереғар ағымдардан сақтандыру және асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау болыр саналады. Ұйымдастырушылар тарапынан бұл жоба айына бір рет өткізілетін болып келісілді.