ҚМДБ Шымкент қаласы, Әл Фараби ауданы, Әл Муслим мешітінің имамы Қымбатов Бекайдар Алтайұлының бастамасымен «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» атты тақырыбы аясында наурыз айының алғашқы «Алғыс айту» күндеріне орай мешітіміздің жамағатына арнайы дастархан жайылып, ас берілді. Мешітіміздің қызметкерлері атынан батагөй ақсақалдарымызға арнайы шапандар жабылып, түрлі сый-сыяпаттар жасалынды. Жиын соңында хатм Құран оқылып, дұғасы жасалынды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38