Дәстүрге сәйкес, жыл сайын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті болып саналатын «Сүннетке отырғызу» қайырымдылық шарасы қолға алынды.
Облыс имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың жетекшілігімен арнайы мәжіліс өтіп, осы тамыз-қыркүйек айларында сүннеттеу шарасын өткізу тапсырылды.
Осы шараны қолға алып, мешіттерде немесе өзгеде орындарда демеуші азаматтарды тартып, мүмкіндігіңізге қарай тегін немесе елу пайыз жеңілдіктерді қарастырып қайырымдылық негізінде өткізуді қолға алу қажет.
Сондай-ақ, сүннет тойларды арақ-шарапсыз өткізу жәйін түрлі деңгейдегі (құдайы ас, жаназа, т.б. с.с.) жиындарда, мешіттердегі уағыздарда, той жүргізетін асабалар арасында және жергілікті БАҚ арқылы кеңінен насихаттау тапсырылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі