Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің мәжіліс залында тиісті органдармен бірлескен семинар мәжілісі ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Шымкент қаласы бойынша өкіл имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров төрағалық етті.

Ұйымдастырылған шараға арнайы Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Гүлжан Шырақбаев, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының бас маманы Ғалымжан Сарманов, қалалық «Діни мәселелерді зерттеу орталығы» оңалту жұмыс бөлімінің теолог маманы Айдос Уранбаев және қала имамдары қатысты.

Кездесу аясында мешіттердің кіріс-шығыс жұмыстары, бухгалтерлік жұмыс, салық төлеу, банктен есеп шот ашу, мешіт мүліктерін инвентаризация жасау, мешіт жанындағы дүкендер мен асханаларға кассалық аппараттар орнату т.б. мәселелер жөнінде түсіндіру жүргізілді.

Жалпы, семинар аясында имамдарымыз қаржылық жүйе туралы біліктілігін көтеріп, өздеріне мол ақпарат алды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38