Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігі облыстық орталық мешіті мен облыстық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен «Рамазан – мейірімділік айы» атты қайырымдылық шарасы өткізілді.
Қайырымдылық шара барысында Шымкент қаласына қарасты 980 мүмкіндігі шектеулі, жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға азық-түлік түрінде (1 қап ұн, 1 қап күріш, 10 кг қант, 5 литр май, шай, құрма, тұз т.б.) көмек берілді.
Мұнымен қатар, облыстық мешіт тарапынан «Шымкент» медресе-колледжіне 90 қап ұн хадия етілді.
Қайырымдылық шараға облыс имамы А.Керімбек, найб имам М.Естеміров, Зекет қорының орынбасалары А.Қамбар, Ғ.Назаровтар сөз сөйлеп, қызмет көрсетті.
Бұл қайырымдылық шарасы облыс көлемінде қала, аудан, ауылдық мешіттер деңгейінде айт намазына дейін жалғасын табатын болады. Алла ниеттерін қабыл етсін.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі