Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші аудандық ішкі істер басқармасында полиция қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары, ЖАНТ мүшесі Ұлықбек Алиакбарұлы қатысты. Кездесу барысында деструктивті діни ағым мүшелерінің түр-сипаты, ерекшеліктері және олардың алдын алу жолдары мен қарсы тұра білу, иммунитет қалыптастыру жайлы сөз қозғалды.
Өз отбасымызды тәрбиелеу үшін өзіміз тәртбиелі болу, діни сауатты болу жайлы да түсіндірме жүргізілді.
Кездесу соңында тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді әрі тақырыпқа сай бейнеролик көрсетілді.