Бүгін Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында «Қазақстандағы діни ағымдардың жастар санасына кері әсері» атты практикалық семинар өтті. Аталмыш университет ұйымдастырған семинарға университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Садыков Бердіқұл Қадырқұлұлы, гуманитарлы педагогикалық факультетінің деканы ф.ғ.к. доцент Ботабаева Жанна Нуралықызы, «Экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. Купешева Айгүл Куанышқызы және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының орынбасары Алиакбарұлы Ұлықбек қатысты.
Өз кезегінде ЖАНТ мүшесі Ұ.Алиакбарұлы студенттерге керағар деструктивті діни ағымдар жайлы ақпарат беріп, олардың алдын алу жолдары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек интернетті қолданғанда әсіресе әлеуметтік желілерде діни ақпараттарға абай болуды айтып, діни мағлұматтарды ҚМДБ-ға қарасты сайттардан, әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуды ұсынды.
Кездесу соңында наиб имам студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.