Биылғы жылы мешітте ауыз ашар өткізу шарасы жылдағыдан қарағанда ауқымды өтуде. Ауыз ашарларды аудан, ауыл жұртшылығы алдын ала кезекке тұру арқылы, ұйымшылдықпен өтуде. Ауыз ашарларға мешіт жамағатын, көпбалалы отбасылар, кәсіпкерлерді, зиалы қауым өкілдері, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсттарында тәлім алып жатқан тыңдаушылар қатыстырылуда. Екі ауыз ашар сәресімен бірге өтті. Ауыз ашар барысында Аудан бас имамы Е.Полатов және наиб имамдары А.Ибрагимов, М.Каримовтар белсенді қызметтерін атқаруда.
Сонымен қатар аудан аумағында биылғы жылы 3 мешітте Хатым Құран бағышталуда. Рамазан айы ішінде бір рет мешітте, бір рет «Кәсіпкерлерді қолдау орталығында» аудан бас имамы Е.Полатов кәсіпкерлермен кездесіп, Зекет парызы жайлы кеңінен түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Кәсіпкер азаматтар «Зекет» парызын орындауға өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, Алла Тағала бізге берген нығметтеріне шүкір етеміз, алдағы уақытта нисап мөлшерін есептеп зекетімізді тиісті «Зекет» қорының жұмыстарына үлес қосатындықтарын жеткізді.
Рамазан айы қарсаңында аудандық орталық мешітке демеушілер тарту арқылы «Жүгіртпе жолағы» ілініп, Аят-хадистер, күнделікті ғибратты насихат сөздерімен, ұлағатты ұстаздардың нақыл сөздері, Бас Мүфти Е.Маямеровтың Рамазан айындағы халыққа үндеуінен үзінділерді жеткізуде. Бірлікке шақыратындай үзінділер жіберілуде.