Мұсылманның бұл өмірде тіршілік барысында жақсы немесе жаман істері жасап жатқандығы қаншама. Солардың ішінде қайсысы шариғатқа дұрыс немесе бұрыс орындалып жатқан амалдарын айтыңыз. Сорақысы жамандығының маза бермеуі яки қуаныштың шектен шығуы. Сенім де, үмітсіздік те – күпірлік.
Яғни, «Мен осынша жақсылық жасадым. Енді жұмаққа баратын болдым», – деп ойлап, сондай сеніммен өзін Алланың азабынан құтылғанына сендіру немесе «Мен осынша күнәлар істедім. Тозаққа кіретін болдым. Маған құтылу жоқ», – деп үмітсіздену де күпірлік. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мұсылман қорқыныш пен үміт арасында болады», – деген. Мұсылман, Алланың мейіріміне орай үміт құшағында сондай-ақ, кемшіліктері кесірінен үрей ішінде жүреді. Бір хадис құдсиде Алла Тағала «Құлым маған бір қарыс жақындаса, мен оған бір құлаш жақындаймын. Құлым маған жүріп келсе, мен оған жүгіріп барамын» – деген. Бұл хадис Алла Тағаладан кешірім және тура жол сұраған құлын кешіруге асығатынын дәлелдейді. Тек мына мәселелерге өте мұқият болуымыз қажет. Алла Тағаланың мейірімі әрі ашуы бар. Бірақ мейірімі ашуынан басым. Мейірімінің әлдеқайда басым болғанын, құлдарының ізгі ісіне жазған сауаппен, жамандығына жазған күнәдан білуге болады. Құл бір жақсылық жасаса, сауабын ең азы оннан бастаған, ал бір күнә істесе, күнәсін жазуды кешіктірген. Құран Кәрімде қайталанған аяттарда бұл жағдай былай айтылған: «Кім Алла құзырына бір жақсы ниетпен келсе, оған сондай он есе бар. Және біреу бір жамандық әкелсе, оған сондай-ақ жаза беріледі». («Әнғам» сүресі, 160 аят) және мына аяттарда: «Кімде-кім шаң тозаңындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал кімде-кім шаң тозаңындай жамандық істесе, жазасын көреді» – делінеді. (Зілзәлә сүресі 7-8).
Бір күні бұл аятты оқығанда сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына сахабалардан Әбу Саийд Худри (р.а.)-та бар еді. Жақсылап тыңдағаннан кейін былай сұрады: «Иә, Расулуллаһ бұл аятта Раббымыз, істеген жақсылық және жамандықтарымыздың жойылмайтынын хабар беруде, солай ма?» – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иә, солай» – деді. Сонда, Әбу Саийд Худри (р.а.): «Құрыдың, ей Әбу Саийд құрыдың, Анаң жағдайыңа жыласын», – деп жылайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сені жылатқан не?» – деп сұрайды. «Уа, Алланың Елшісі, істеген жамандық шаң тозаңындай да кемімей жазылатын болса, есебін қалай беремін?» – дейді. Пайғамбарымыз күлімсіреп, былай ашықтады: «Иә, Әбу Саийд, жоғалмаған тек қана жамандықтар емес қой, жақсылық, қайыр ретінде істегендердің де ештеңесі кемімей таразының сауап жағына қойылады. Осылай бірге – бір болған күнәнің қарсысына, бірге он сауаптарың да тартылады. Сауаптардың ауыр келуімен сені иншаллаһ құтқарады. Сен тек қана бірге он болған жақсылықты, қайырлы істеріңді көбейт. Пайдасына болған жағдайда, тағы да пайдасына ауыстырудан алыс қалма!» – деді. Раббымыздың мейірімі ашуынан басым, бір жақсылық және қайырға он сауап береді. Мұның да шаң тозаңындай да болсын ештеңесі кемімей таразысында тартады және құлын құтқарады. Жақсылықтың жамандыққа басым келуі үшін, таразының күнә жағын ауыр қылатын бір қате және күнә істеуден аулақ бола білуіміз керек!
Раббымыздың мейірімі ашуынан көп болғаны біз мұсылмандар үшін үлкен бір қуаныш! Әлемдердің Раббысы болған Алла Тағала баршамызға иман-тәуфиқ нәсіп етіп, лағынеті шайтанның ізіне түсірмей тура жолдан адастырмасын!.
РУСЛАН АБДУЛЛАЕВ,
Тараз қ, «Һибатулла Тарази»
мешітінің найб имамы.