Шымкент қаласы өкілдігі, Шымкент орталық мешітінің жанынан ашылған Діни сауат ашу курсының əйелдер бөлімінде Құран дəрісімен бірге Шəкəрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» кітабы оқулық ретінде қолданып келеді. Əйелдер жамағаты ұлы ойшылдың Сенім жəне Ғибадат тақырыптарын ашықтап оқу үстінде. «Мұсылмандық шарты» «Иманның мағынасы» «Алла Тағаланың барлығын ақылмен ойлап білмек» жəне де «Тəубе қылмақ күнəдəн тиылмақ» «Мукаллафқа қатысты үкімдер» тақырыптарын оқыды. Жаңа бағдарлама бойынша таңдалып алынған оқулық шəкірттерге барынша қолайлы болуда. Өйткені Шəкəрім атамыз өзінің кітабына кіріспеде айтып өткеніндей «… Сол себепті иман, ғибадат турасында қазақша шамам келгенше жазайын деп ойладым. Бұл кітап əрбір қазаққа оқуға ыңғайлы болып əрі өзіме сауап болама екен деп Алла Тағаланың рақымына үміт еттім» деп айтып кеткен. Кітап барынша ықшамды əрі түсінікті болуымен қатар көптеген құнды мəліметтер Қасиетті Құраннан дəлел аяттар жəне хадистерден дəлелдер келтіріліп отырған. Кітап Иман, Ғибадат, жəне Əдеп тақырыптарына негізделіп 65 тақырып қамтылған. Алдағы уақытта шəкірттерден осы кітаптан емтихан алынып арнайы сертификат табысталатын болады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі