Діни құндылықтардың саяси идеологиядан ара жігін ажырату керек.  Бұл туралы бүгін елордада  өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлығына қолжетімді білімнің болмауы қазіргі заманның жаһандық проблемаларының бірі болып қалуда.  Бүгінде әлемде 750 миллион адам жаза да, оқи да алмайды. Білім мен ғылымға жаппай тартпай кедейшілік пен жоқшылықты еңсеруге болмайды», – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті білім радикализм идеяларының кез келген көріністеріне қарсы тұрақты иммунитеттің негізі саналатындығын баса айтты.

«Бұл ретте діни сауаттылық төтенше маңызды мәнге ие. Қазір оның платформасын түрлі псевдодіни ұйымдар белсенді пайдаланып отыр. Сондықтан әлемдік және дәстүрлі діндер діни құндылықтардың саяси идеологиядан ара жігін ажырату бойынша жұмыстар жүргізе алар еді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін Елбасы бейбітшілік идеяларын ілгерілетуде жаңа технологияларды пайдалану қажет екенін баса айтқан болатын.

Сондай-ақ, Президент дін көшбасшылары әлем елдерін бейбітшілікке шақырулары қажет екенін атап өткен болатын.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38