Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Байғұт баба» мешітінің найб имамы Нұрмахан Сейфулинның ұйымдастыруыменен қарттар күніне орай қариялар құрметтелді. Ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарға дастархан жайылып, Құран оқылды. Дүниеден өткен ата-баба әруақтарға Құран бағышталды. Нұрмахан имам қарияларға ғибратты әңгімелер айтып, қызықты қиссалармен келтіріп уағыз айтты. Жалпы өте әсерлі де ғибратты жиын болды. Қарияларымыздың көңілдері көтеріліп, қызықты әңгіме-дүкен болды.
«Байғұт баба» мешітінің баспасөз қызметі