Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының имамдары бас қосты. Бас қосудың себебі алдағы жасалатын тапсырмалар мен жұмыстарды пысықтау болды. Еңбекші ауданының бас имамы Туленов Дәулет күн тәртібіндегі тұрған бірқатар мәселелерді айтып, имамдарға тапсырма берді. Атап айтқанда Тоқтап қалған ай сайынғы семинарды ұйымдастыру, мешіттің ішкі сыртқы тазалығы сенбілік өткізу, мешітке келушілермен дұрыс мәмле жасау, әр намзды сәлде шапанмен өткізу, бесін мен ақшам уағызын жоспар бойынша айту, имамдардың мешіттегі киім этикасы т.б. сынды мәселелер талқыланды.
«Әл-біләл» мешітінің баспасөз қызметі