Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияровтың ұйымдастыруымен көп балалы әлеуметтік жағдайы төмен және қамқоршысы жоқ, мүмкіндігі шектеулі 20 отбасыға 1 қап ұн, 5 литр арай ақ май, 5 кг картошка, макарон азық -түлік үлестірілді.Жалпы құны 115 000 теңгені қамтыды. Қайырымдылық жасау үшін бай болуы міндет емес, жүректе мейірім болса, жетіп жатыр. Алла Тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.а.у)хадисінде: «Ақиқат байлық мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық – кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық – жақсы қасиет»,- деген.Қайырымдылық іс – шараға аудан имамы А. Данияров және мешіт ұстазы М. Ханзадаев қатысты.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.