Қасиетті қажылық сапарына еліміз бойынша ең алғашқы болып аттанған «Әл-Маруа» қажылық компаниясының қажылылары елдің амандығы үшін дұға тілек жасады.

Қазақта «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын», – демекші, Меккедегі қажыларымыз қажылықтың соңғы парызын өтеп, осындай жағдай жасап отырған ҚМДБ-ның төрғасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазретке және наиб мүфти, миссия төрағасы Бауыржан қажы Əбдірашұлына, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Талғат Шалданбайға, Қоғамдық даму министрлігінің өкілі Бақытжан Дүйсебаевқа, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мəжиевке, ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлына,  уағыз-насихат жұмысына жауапты имамдарына т.б. азаматтарға алғыс білдіруде.

Шымкенттік «Әл-Маруа» қажылық компаниясының жетекшісі Қалиолла қажы Маджанов қажылық кезінде түрлі іс-шалалар ұйымдастырып, соның ішінде алғыс айту, шүкір ету шарасын өткізіп, қажыларымыз бастамаға қолдау білдірді.

Бүгінде қажыларымыз Мекке қаласынан қасиетті Мәдине қаласына пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с)  мекеніне сапарға аттанды.

Елдің амандығы мен бірлігі үшін жасалған дұға тілектер қабыл болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38