SAM 341

 SAM 341

 

 

 

 

Шардара қаласының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Айтуреев Жұрымбай ақсақалды аудан имамы зиярат етіп Ұлы жеңістің 71 – мерекесімен құттықтап, тағы бір келген көктем үшін, Бейбіт ашық көк аспанына рахмет, Жеңіс үшін, тыныш бейбіт өмір үшін аталарға рахмет айтып, иығына оқалы шапан жауып, ҚМДБ – ның атынан кітапты сыйға тарту етті. Ақсақал сұрапыл қан майдан соғыста қаза болған құрбандарды еске алып көзіне жас алып, кейінгі өскелең ұрпаққа ондай қасіреттің келмеуін тілеп, әңгіме дастархан басында өрбітті. Шардара ауданы Қоссейіт ауылының тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Серікбаев Жаппар Досыбайұлын ауыл молдасы Бижигитов Нурахмет зиярат етіп, иығына оқалы шапан жауып, сыйға кітап тарту етті.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 SAM 341

 SAM 342

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38