Сайрам ауданы Манкент ауылы Жалал-баба орталық мешіті бас имамы Хайтметов Махкамбай жамағатты рамазан айтымен құттықтап, еліміздің тыныштығы үшін дұға жасады . Мерекеге орай, мешіт имамы қасиетті рамазан айтының құрметіне, Ақсукент-Манкент ауылдары арасында бір күндік тегін көлікті халыққа қызмет етуін ұйымдастырды. Мұндай ізгі амал халықтың көңілінен шығып, өз ризашылығын білдіргендер талай болды. Пайғамбарымыз (Оған Алланың ігілігімен сәлемі болсын) риуает етілген хадисте « Адамдардың ең қайырлы және ең мәртебелі болғандары, адамдарға ең көп пайдасы болғандар» деп айтты. Алла Тағалам осындай халыққа қызмет етіпжатқан ағаларымыздан бұл дүніедеде ахиреттеде мәртебесін бійік етсін.
Сайрам ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі