Кентау орталық мешітінде Зекет қорының ұйымдастыруымен қайрымдылық жасалды. Жағдайы төмен, асыраушысы жоқ 100 отбасына ұн, пісте май, күріш азық түлік берілді. Жиналған отбастарына қала имамы Айекеев Ғалымжан рамазан айының қадыр қасиеттері жайында қысқаша уағыз айтты. Осы қайрымдылық жасауға демеушілік жасаған бауырларымызға өз разылығын білдіріп бата берді.
Кентау қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі