Шымкентте ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін «Қазақша күрестен» III-Республикалық турниріне Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша іріктеу сайысы өтті. Сайысқа «Бұқа палуандар» 60 келіден – 74 келіге дейінгі салмақ арасында, «Түйе палуандар» 74 келіден жоғары салмақтар, жалпы саны 70-ке жуық әуесқой палуан қатысты. Аталмыш іс-шараны мұрындық болып ұйымдастырған ҚМДБ ОҚО өкілдігінің «Жастар ісі бөлімі». Жарысты облыстың Бас имамы А. Керімбек ашып, палуандарға сәттілік тіледі. Белдесулерге қазылық жасаған халықаралық деңгейдегі кәсіпқой бапкерлер мен төрешілер. Сайыстың қорытындысы бойынша төмендегі палуандар жүлделі орындарға ие болды.
«Түйе палуандар» арасында:
I-орын: Қойбағаров Бекболат
II-орын: Баймағамбетов Рүстем
III-орын: Хайдаров Ануар
«Бұқа палуандар» арасында:
I-орын: Шағыраев Ыбырай
II-орын: Жұмағұл Бақтияр
III-орын: Бектауов Қайрат
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі